Конкурс өткізу туралы хабарлама » Жамбылская область Сарысуйский район Сш Шагалалы
Жамбыл облысы
Сарысу ауданы білім бөлімінің
"Шағалалы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
август
2022

Конкурс өткізу туралы хабарлама

КОНКУРС УАҚЫТЫ 2 АПТА

     Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1. Осы Қағидаларға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2. Жеке басын куәләндыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат;
3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы(нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген - бар болса);
4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы ҚР ДСМ № -175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген).
7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8. Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі ҰБТ) педагог немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог- шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10. 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.