23
июнь
2019
«Менің отаным менің мақтанышым» атты салтанатты жиын өтті
2019 жылыдың 14 қаңтары күні Шағалалы негізгі мектебінің тәлімгері С Құлжабековтыңұйымдастыруымен және бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйым мүшелерініңқатысуымен бірге «Менің отаным менің мақтанышым» атты салтанатты жиын өтті. Мұндағы мақсат жастарға Ұлы Отан соғысына қатысушылардың ерен ерліктерін насихаттау.Аға буын ұрпаққа құрметпен қарауды қалыптастыру, қарт адамдардыңөмір саласын арттыру арқылы әлеуметтік бейімдеу, көмек көрсету. Осындай ізгілікті іс қолға алынып, мектеп оқушылары ардагерлер үйін аралап, тазалық жұмыстарына қолғабыс етті. Онда Жас Ұландықтар болашақ Жас Отандықтар екенін және еліміздің жеткен әрбір жетістігіне “Отаным” деген әр азаматтыңүлесі бар екенін , әрбір азаматтың жүрегі “Елім”, “Отаным” деп соғуы үшін, еңәуелі баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіруі қажет екенін айтып өтті.