12
December
2019
Тәуелсіздік мерекесіне орай
Шағалалы негізгі мектебінде 13 желтоқсан күні 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай 1-9 сыныптар арасында Тәуелсіздік тұғырың атты сынып сағаттары өтіліді. Және 1-9 сыныптар арасында Тәуелсіздік ел бақыты атты мерекелік кеш өткізілді.Осы кеште мектеп директоры Б. Тажибаев мырза мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Құлжабеков құттықтау сөз сөйлеп оқушыларға және қатысқан мұғалімдермен ата аналарға жылы лебізін жеткізді. Сонымен қатар 16 желтоқсан күніне арнап Тәуелсіз елдің баласы атты бұрыш ашылды. Тәуелсіз елдің спортшылары атты 5-9 сыныптар арасында спорттық ойындардан жарыс болып өтті.